Қызылорда облысының бас полицейі жеке қабылдау өткізді
Қызылорда облысының бас полицейі жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ел қорғаны тәртіп сақшыларының қызметі халықтың сенімі арқылы өлшенеді. Халық көкейіндегі мәселелерді шешу және олардың конституциялық құқықтарының қорғалуы Полиция департаментінің басты назарында.
Қызылорда облысы ПД бастығы және орынбасарлары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес жазылған азаматтарды қабылдайды. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарау барысы қатаң бақылауда. Әрбір келіп түскен өтініш назардан тыс қалмайды.
Қызылорда облысы ПД басшысының жеке қабылдауына 6 азамат келді. Олардың әкімшілік және қылмыстық істер аясында айтылған барлық уәждері назарға алынып, сол істердің аясында түсіндірмелер берілді.
– Азаматтардың әрбір өтініші бойынша тиісті тексерулер жүргізіліп, оларға міндетті түрде жазбаша түрде жауап қайтарылатын болады, – деді департамент бастығы Мұхтар Қожабаев.