Ұлытаулық полицейлер браконерьлерді ұстады
Ұлытаулық полицейлер браконерьлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
1 қазанда Ұлытау облысының ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Жезқазған – Петропавл тас жолында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізді.
Күндізгі сағат 16.30 шамасында полиция қызметкерлері Ұлытау ауылына кіре берісте 19 жастағы жас жігіт тізгіндеген Toyota Land Cruiser көлігін тоқтатқан. Көлікте 44 және 56 жастағы екі ер адам болған. Тексеріс кезінде полицейлер көліктен киік етіне ұқсас ет пен 16 мүйіз табылды. Күдіктілер кінәсін мойындады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-1- бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.