БҚО-да тұрғын үйдің жертөлесінен снаряд табылды
7 қазанда сағат 11.30 шамасында Бөрлі ауданының полиция бөліміне ауыл үйінің жертөлесінен снаряд табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт Бөрлі ауданының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді.
Снарядты аталған үйдің тұрғыны тапты, ол үйден қажет емес заттарды жертөлеге апармақ болған. Кейін осы қауіпті снарядқа көзі түскен. Аталған оқиғаға БҚО ПД жедел жасағы келіп, снарядты қауіпсіз жерге шығарғаннан кейін, Бөрлі ауданынан 4 шақырым жерде комиссия құрамында бұл снаряд жойылды. Снаряд жертөледе қалай пайда болғанын анықтау мүмкін болмады.