Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында ауыл тұрғыны 29 жыл құжатсыз өмір сүрген

Қостанай облысында ауыл тұрғыны 29 жыл құжатсыз өмір сүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер ауыл тұрғынына жеке куәлік алуға көмектесті. 68 жастағы Павел Сапагов 29 жыл бойы әртүрлі себептерге байланысты құжаттарды рәсімдей алмаған.

– Павел Сапагов Ресей Федерациясының Каменск-Уральск қаласының Свердлов облысында туған. Қазіргі уақытта ол Амантоғай ауылында тұрады. Полицияға жүгінгеннен кейін біз оған қажетті құжаттарды жинауға көмек көрсете бастадық, құқықтық мәртебені белгілеу үшін тиісті сауалдар жасадық, – деді Амангелді аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы Жасұлан Әбдіғамидов.

Ер адам полиция қызметкерлеріне үлкен көмек көрсеткенін атап өтіп, алғысын білдірді.

– Учаскелік инспектор Дастан Көшпенов пен көші-қон полициясының инспекторы Жаслан Әбдіғамидовке алғысымды білдіремін. Маған құжатқа ие болуыма көмектесті, оларға шын жүректен алғыс айтамын. Олардың көмегімен мен жеке куәлік алдым, – дейді ауыл тұрғыны.

Айта кетейік, Амангелді ауданының полиция қызметкерлері жыл басынан бері үш жергілікті тұрғынға жеке куәлік алуға көмектесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру