Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас жол инспекторлары Қостанайдың тарихи орындарымен танысты

Қостанайда жас жол инспекторлары үшін Ыбырай Алтынсарин мұражайы мен Жеңіс саябағына танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қостанайда жас жол инспекторлары жасақтарының XXI республикалық слетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Слет аясында бүгін жас жол инспекторларына арналған танымдық экскурсиялар ұйымдастырылып, олар Қостанайдың тарихи-мәдени орындарымен танысты.

Жас жол инспекторлары өлкенің тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, ұлы қазақ педагогі, ағартушы әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі туралы көптеген жаңа мәлімет білді. Балалар музей маманының әңгімесін қызығушылықпен тыңдап, тарихи жәдігерлермен танысты және Алтынсарин мұрасының Қазақстандағы білім мен мәдениеттің дамуы үшін маңызын түсінді.

Жеңіс саябағына бару жас инспекторларға соғыс жылдарының тарихымен танысып, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батылдығын еске алуға мүмкіндік берді. Экскурсия жеңімпаз ұрпақтың ерлігіне құрметпен қарауға және тарихи жадыны сақтауға бағытталған маңызды тағылым болды.

Мұндай іс-шаралар балалардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, олардың бойында патриоттық сезімді, өз елінің тарихына деген құрметті, мәдени мұраға қызығушылықты және туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру