Қостанайда полиция мен кәсіпкерлер "Заң мен тәртіп" әлеуметтік бастамасын жүзеге асырды
Қостанай қаласында полиция қызметкерлері қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы аясында құқықтық мәдениетті арттыруға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акцияның негізгі мақсаты — заң талаптарын сақтау туралы маңызды ақпаратты тұрғындардың күнделікті өміріне енгізу. Осы мақсатта брендтелген өнімдер мен қаптамаларға "Заңды сақта", "Тәртіпті құрметте", "Қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады" деген сөздер орналастырылды.
Мұндай формат маңызды ойларды тұрғындарға қарапайым әрі қолжетімді түрде жеткізуге мүмкіндік береді. Өйткені қауіпсіздік — тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, қоғамның әрбір мүшесінің ортақ жауапкершілігі.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік бастаманы қолдап, азаматтық белсенділік танытқан кәсіпкерлеріне алғыс білдіреді. Осындай бірлескен жұмыстар полиция, бизнес өкілдері мен тұрғындардың күш-жігерін біріктіріп, қауіпсіз әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.
