Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында 2 760 рейд жүргізіліп, 78 қоқыс орны жойылды

Абай облысында 11 598 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысында "Таза Қазақстан" акциясы аясында елдімекендердің санитариялық жағдайын жақсарту және абаттандыру талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері өңірде 2 760-тан астам рейд өткізіліп, абаттандыру қағидаларын бұзудың 11 598 дерегі анықталды.

Қоғамдық тәртіпті бақылауда цифрлық технологиялар да белсенді қолданылуда. Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды ластаудың 1 355 дерегі тіркелді. Бұл құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар облыс аумағында 78 стихиялық қоқыс орны анықталып, жойылды.

"Таза Қазақстан" – туған жерге деген құрмет пен қоршаған ортаға жауапкершілікті қалыптастыратын ортақ бастама. Қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, абаттандыру талаптарын орындау және табиғатқа жанашырлықпен қарау – баршаға ортақ міндет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру