Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша мыңға жуық жадынама таратылды

Түркістан қаласында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Азаматтарға алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, жеке мәліметтерін, банк картасы мен есепшот деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген мыңға жуық жадынама таратылды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың қаржылық ұсыныстарына сенбеуге шақырады.

Алаяқтықтың алдын алудың басты жолы – сақтық пен ақпараттық сауаттылық.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру