Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды

Қостанай облысында жол ережесін бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасына арнайы жүйе арқылы келіп түскен хабарламаға сәйкес, Әулиекөл бағытындағы автожолдың 49-шақырымында Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шыққан.

Полиция қызметкерлері аталған құқық бұзушылықты тіркеп, жүргізуші заң аясында жазаға тартылды.

Сондай-ақ жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Механизаторлар көшесінде Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі де қарсы қозғалыс жолағына шыққаны анықталды.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қабылдады.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру