Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да мотоқопсытқышты басқарған ер адам жол апатына түсті

СҚО-да мотоқопсытқышты басқарған ер адам жол-көлік оқиғасында зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

М.Жұмабаев ауданында мотоқопсытқыштың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Кешке шамамен сағат 19:30-да бір ауылдың маңындағы жолда қопсытқыш бір бағытта кетіп бара жатқан 46 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota автокөлігімен соқтығысты.

Салдарынан қопсытқышты басқарған 50 жастағы ауыл тұрғыны орталық аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық куәландыру нәтижесі екі жүргізушінің де мас емес екенін көрсетті. Аталған факті бойынша әкімшілік өндіріс жүргізілуде.

– Тұрғындарға мотоқопсытқыштар көлік құралы емес және мақсатына сай, яғни жер өңдеуге пайдалануы тиіс екендігін еске саламыз. Сондай-ақ, қандай болмасын көлікті басқарған адам жолда Жол жүрісі ережелерін сақтап, өзінің жолда келе жатқанын көрсетуі тиіс, жасап жатқан маневрлері туралы белгі беруі қажет. Аталған талаптарды орындамау – ауыр жол-көлік оқиғасына алып келеді, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Бахтияр Есімов.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ескерткендей, 17 қазаннан бастап облыс аумағында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында өрескел бұзушылықтардың, оның ішінде көлікті мас күйде жүргізудің алдын алуға ерекше көңіл бөлінбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру