Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйдің кіреберісінен қашып шыққан тонаушы полицейлердің қолына түсті

Елордалық полицейлер тонау қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта астаналық азамат үйіне қайтып келе жатқан кезде оған белгісіз біреу жақындап, ақша талап ете бастаған. Жігіт ақша беруден бас тартса да, күдікті тынышталмай, соңынан еріп, кіреберісте оны ұра бастаған. Баспалдақтағы қатты айқайларды естіген көршісі пәтерінен шығып, тонаушыны қорқытып жіберген. Шабуылдаушы жәбірленушінің қолынан рюкзагын жұлып алып, қаша жөнелген. Алайда далада ол шақыруға келген полицейлердің қолына түсті.

Патрульдік полицейлер Халқаман Ахметов мен Рауан Қайдаров күдікті жігітті ұстаған. Осы кезде жәбірленуші мен қылмыстың куәгері далаға шығып, тонаушыға нұсқаған. 

Мас күйде болған күдікті полицейлерге қарсылық көрсетуге тырысқан, бірақ полицияға жеткізілді. Ұрланған рюкзак иесіне қайтарылды.

Ұсталған адам бұрын сотталған 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің елорда аумағында осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру