Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы Полиция департаментінде 9 айдың жұмысы қорытындыланды

Қызылорда облысы Полиция департаментінде 9 айдың жұмысы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы Полиция департаментінде жеке құрамның қатысуымен жедел кеңес өтіп, осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмыс қорытындыланды. Алдын алу жұмыстарын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі азайып, қазіргі уақытта өңірдегі криминогендік ахуал тұрақты. Ауыр қылмыстар – 9,8%-ға (742-ден 669-ға), ұрлық – 12,2%-ға (936-дан 822-ге), пәтер ұрлығы – 50,8%-ға (177-ден 87-ге), мал ұрлығы – 22,1%-ға ( 140-тан 109-ға) төмендеді.

Департамент бастығы Мұхтар Қожабаев төрағалығымен өткен бүгінгі жедел кеңес барысында полиция органдарының жедел-қызметтік жұмысы талқыланды. Оның ішінде халықпен тиімді серіктестік орнату, «Жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру, ішкі істер органдарының қызметінде ашықтықты және айқындықты қамтамасыз ету мәселелері нақтыланды.

2022 жыл жол-көлік оқиғаларының азаю жылы деп жариялағандығы белгілі. Қазіргі уақытта жол қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі. Талдау көрсеткендей, көлік оқиғаларының басты себебі жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару болуда. Полиция департаментімен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол апаттарының алдын алу жұмыстары жандандырылып, оңды шаралар қолға алынып отыр.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – әрқашан басты назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін және өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз екендігін айта келе 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Бұл ретте Балалар жылы аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінің тарапынан балалардың игілігі үшін олардың сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ету жолында нәтижелі шаралар атқарылуда. Профилактикалық шаралар күшейтіліп, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында пәрменді шаралар қабылданып, басым бағыттардың бірі ретінде ерекше мән берілуде.

Жедел кеңес барысында полицияның жұмысын жақсарту, ішкі істер органдарын цифрландыру, полицияны халыққа жақындату, оң имиджін нығайту, халықтың сенім деңгейін арттыру және полиция қызметінің өзекті мәселелері туралы халықты жан-жақты және шынайы ақпараттандыру, полиция қызметін жетілдіру бағытындағы шаралар жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, Департамент бастығы жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді.

Тиісті қызмет басшыларына жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуді тапсырып, жұмыс тиімділігін төмендетпеу мақсатында бірқатар тапсырмалар берді. Сондай-ақ Ішкі істер министрі тапсырған құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатындағы басым бағыттарды жауапкершілікпен атқаруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру