Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық шара өткізілді

Қызылордада құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған профилактикалық шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі мен Мәншүк Мәметова базасында интернет алаяқтық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспардан тыс профилактикалық шара өткізілді.

Іс-шараға Қызылорда облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы Оразбек Таженов қатысып, студенттерге интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері, одан сақтану жолдары және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ұсынған Адал азамат және "Заң мен тәртіп" қағидаттары туралы айтылып, жастарды адалдыққа, жауапкершілікке және заң талаптарын сақтауға шақырды.

Шараға колледж инспекторы Ж.Мәлік, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Исаева, жастар комитетінің жетекшісі В.Таженова, ұйымдастырушы педагог А.Рахым, сондай-ақ колледждің 1-2 курс оқитын кәмелетке толмаған студенттері қатысты.

Кездесу барысында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, интернеттегі қауіпсіздік ережелері мен алаяқтықтан сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Осындай профилактикалық іс-шаралар жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру