«Автобус» ЖПІШ: Атырау облысында 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды
Атырау облысында “Автобус” іс-шарасы аясында 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
26-31 қазан аралығында қоғамдық көліктің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалдайтын автобус жүргізушілері тарапынан тіркелетін жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында облыс аумағында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Іс-шара барысында облыс аумағында қоғамдық көліктердің қатысуымен 500-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
– жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзған 67 тұлға;
– автокөлік құралдары жүргізушілерінің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзған 5 адамға;
– тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған 17 жүргізушіге;
– рейс алдындағы тексеруден және медициналық тексеруден өтпеген 10 азаматқа;
– мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған 107 тұлға;
– көлiк құралын басқару кезiнде телефонды не радиостанцияны пайдаланған 88 адамға;
– белгiленген жүру жылдамдығын арттырған 26 тұлға;
– маневр жасау қағидаларын бұзған 94 азаматқа;
– жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқарған бір тұлғаға әкімшілік жауапкершілік көзделді.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігі бойынша 47 жүргізушіге әкімшілік айыппұл салынып, 16 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.