Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында сотталғандар өтініштерін электронды терминал арқылы жолдауда

Қызылорда облысында сотталғандар мемлекеттік органдарға өтініштерін электронды терминал арқылы жолдауда, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару жүйесі модернизациялаудың маңызды бағыттарының бірі – цифрландыру, яғни электронды жүйені дамыту. Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде сотталғандардың мемлекеттік органдарға өтініштерін электронды форматта жолдайтын терминалдар жұмыс жасап тұр. Түзеу мекемелерде электронды терминал барлық сотталғандарға қол жетімді жерде орнатылған.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде екі электронды терминал жатақханада орнатылған. Мекеме бастығының кезекші көмекшісі Нұржан Көшекбаевтың айтуынша, алдымен сотталған кезекші бөлімге келіп, өзінің мемлекеттік органға өтініш беретінін білдіреді.

– Мекеме қызметкері қажет болған жағдайда көмек көрсетеді. Осыған дейін сотталған азаматтарға терминалды пайдалану бойынша оқыту жұмысы жүргізілген. Жыл басынан №37 мекемедегі сотталғандар тарапынан электронды терминал арқылы төрт өтініш жолданған. Электронды терминал арқылы жолдау жазасын өтеушілердің заңды құқықтарының сақталуын жақсартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, мекеме ішіндегі әр-түрлі фактілер мен оқиғаларды жасыру деректерін болдырмауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге барлық сотталғандармен шағымдарды электронды түрде жіберген кезде жалған ақпарат бергені үшін жазалау туралы түсіндіру жұмыстарын да жүргіземіз, – Нұржан Көшекбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру