Елорда тұрғынын скотчпен байлап, тонап кеткен күдікті ұсталды
Қылмыс жасаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға арызбен 19 жастағы астаналық тұрғын жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, ол пәтерін жөндеу үшін құрылысшы жалдаған. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші құрылысшыға ақысын бермеген. Төлемін ала алмаған жұмысшы агрессивті түрде әрекет еткен. Жігітті қорқытып, оны скотчпен байлап, IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған адам бұрын елорда аумағында ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Егер Сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу полицияға хабарлау қажет.