Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ұрланған телефон иесіне қайтарылды

Қызылордада ұрланған телефон иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

2 қараша күні Қызылорда қаласы Полиция басқармасының 102 арнасына дәмханалардың бірінде белгісіз біреу құны 200 мың теңге тұратын Oppo RX7 NEO телефонын ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ЖБО бейнебақылау камераларының көмегімен 35 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.     

Аталған дерек бойынша  ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру