Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жолдағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында Ұлытау облысы аумағында республикалық “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәтбаев қаласындағы автопарктердің бірінде “Автобус” республикалық ЖПІШ арналған жиын өтті. Жиынға Ұлытау облысының Полиция департаменті ӘПБ басқармасының бастығы Ернияз Алиев және Сәтбаев қаласы жол және техника тобының аға инспекторы Нұржан Сламғалиев қатысып, жолдағы қауіпсіздікті арттыру жолдарын қарастырды.


Жиынның басты мақсаты – тәртіп сақшылары көліктік бақылау инспекциясын және жол жүрісі қауіпсіздігінің инженерлерімен бірлесіп, көлік құралдырының техникалық жай-күйіне, автобустар кәсіпорындардан (автопарктерден), бейберекет тұрақ орындарынан және т.б. шығу кезінде рейс алындағы техникалық және медициналық қарап тексеруден өту жұмыстарын бақылау.

Заңсыз жабдықталған автобустарды, сондай-ақ техникалық жай-күйі және конструкциясы жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды (такси) пайдалануға тыйым салуға кінәлі адамдарды, оның ішінде осындай көлікті желіге шығарғаны үшін лауазымды адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартумен шаралар қабылданады.


Көліктік бақылау инспекциясының, мемлекеттік кірістер органдарының және жұртшылықтың өкілдері қатарынан заңсыз автовокзалдарды, жолаушыларды тасымалдаушыларды, оның ішінде таксиді және облысаралық жолаушылар тасымалдауды, сондай-ақ автотасымалдаушылардың еңбек және демалыс режимдерін бұзуды анықтау жөніндегі бірлескен мобильдік топтар құрылды.
ЖЖҚ өрескел бұзушылықтардың, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқарудың, жылдамдық режимін асырудың, сондай-ақ басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, жолаушылар мен ауыр салмақты жүктерді тасымалдау, қоғамдық көлік жүргізушілерінің рейс алдындағы және медициналық тексеруден өтуі, қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және т.б. қағидаларды бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасады.

Іс-шаралар кезінде қала сыртындағы автожолдарда, сондай-ақ қалаларда және елді мекендерде патрульдік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру