Жамбыл облысының тұрғынынан 4 келі кептірілген марихуана тәркіленді
Байзақ ауданының тұрғынынан 4 келі кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Байзақ ауданының құмға жақын маңдағы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ұстау барысында жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде екі қапқа салынған жалпы салмағы 4 келіден асатын кептірілген марихуана табылды.
— Аталған дерек бойыша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Осы қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деп атап өтті Жамбыл облысының ПД ЕҚҚІБ бастығы Әлім Бажықбаев.
Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.