Ақмола облысында еліктерді атқан күдіктілер ұсталды
Ақмола облысында еліктерді атқан күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 желтоқсанда Ақмола облысында браконьерлікке маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметін тоқтату мақсатында «Ақбөкен» кең ауқымды республикалық акциясы басталды.
Акция барысында полиция қызметкерлері облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының инспекторларына рейдтік іс-шараларды өткізуге жәрдем көрсетіп жатыр.
1 желтоқсан Зеренді ауданының полиция бөліміне аңшылық шаруашылығы қызметкерінен Баратай және Қызылсай ауылдарының арасында елікті заңсыз аулау фактісі орын алғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ПБ-ның жедел-тергеу тобы дереу келіп жетті. Нәтижесінде аңшылық шаруашылығы қызметкерлері мен полицейлер өңір ауылдарының бірінің 65 жастағы тұрғынының басқаруындағы УАЗ автокөлігін ұстады, салонда тағы үш жолаушы болды.
Полицейлер көлікті тексерген кезде АТА ARMS бір оқпанды мылтық, МР-153 үш оқпанды мылтық табылды. Көлік жүксалғышында екі Сібір елігінің өлекселері болды.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі бойынша «Заңсыз аңшылық» сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркеді.
Заңсыз аң аулау күдіктілері келу туралы міндеттеме бойынша босатылды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Тергеу жүргізіліп жатыр.