Қазығұрт полицейлері телефон ұрлаған әйелді анықтады
Қазығұрт полицейлері телефон ұрлаған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт полициясына арызданған жергілікті тұрғын телефонының ұрланғанын айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы мекемелердің біріне өзінің жеке шаруасымен барған оның Samsung Galaxy A51 телефонын белігісіз біреулер жымқырып кеткен.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.
Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде жұмыссыз күдікті әйел анықталды. Ол телефонның қараусыз тұрғанын байқап, ұрлап кеткен. Айғақты зат ретінде қолды болған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасып жатыр.