Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас аудандық полиция қызметкерлерімен Аса-Ақкөл-Ойық-Ұланбел тас жолының бойында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Audi-4 автокөлігі тоқтатылды. Жүргізушімен әңгімелесу барысында оның мас күйде екені байқалды. Сараптама қорытындысы жүргізушінің жеңіл дәрежедегі ішімдік ішкендігін растады.

Сонымен қатар құжаттарды тексеру кезінде әкімшілік соттың 2021 жылғы 25 қазандағы шешімімен жүргізуші 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан және мас күйінде жүрген адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру