Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте үш жүргізуші бірден 6 баппен жауапкершілікке тартылды

Шымкентте үш жүргізуші бірден 6 баппен жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде бақылау жүргізу барысында Шымкент қаласы ПД қызметкерлері мегаполис көшелерінің бірінде үш Toyota Camry 70 автокөлігінің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, олардың бірі мылтықпен ауаға оқ атқан видеоны анықтады.

Бұл жазбаға жергілікті полиция қызметкерлері мен жедел бөлімшелер қызығушылық танытты. Нәтижесінде барлық құқық бұзушылар анықталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Жүргізушілерге қатысты тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды: 203-бап «Сақтандыруды бұзу», 602-бап «Көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық аспаптары мен дыбыстық сигналдарды пайдалану, авариялық дабылды қолдану қағидаларын бұзуы» және 603-бап «Көлік құралына арнайы жарық және дыбыстық сигналдарды беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу».

Үш Toyota Camry 70 көлігі айыптұраққа қойылды. Жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жіберілді.

Полицейлер жүргізушілердің бірінен ПМ тапаншасын тәркіледі. Сондай-ақ ер адам бұрын дүкеннен тапанша сатып алғаны анықталды, бірақ ол полицияға тіркелмеген. Оған қатысты полицейлер қосымша бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, оның ішінде ҚР ӘҚБтК 436-бабы, 437-бабы «Тыныштықты бұзу” және 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі,өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша іс жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру