Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жер алмақ болған Түркістан тұрғыны 1,6 млн теңгесінен айырылды

Жер алмақ болған Түркістан тұрғыны 1,6 млн теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан полицейлері алаяқтық жасаған жұмыссыз әйелді қамауға алды.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, өзіне таныс әйел 10 соттықтан екі жер телімін алып беремін деп сан соқтырып кеткен. Осы қызметі үшін жәбірленушіден 1,6 млн теңге ақшасын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін не жер алып бермеген не ақшасын қайтармаған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті осындай жалған уәделер айтып, бірнеше тұрғынды алдап үлгерген. Сезіктінің жалпы екі жайт алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі үш миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру