Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ауыл тұрғыны танысына пышақ жарақатын салды

Ақмола облысында ауыл тұрғыны танысына пышақ жарақатын салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсанда Егіндікөл полиция бөліміне Бауман ауылының 39 жастағы тұрғыны телефон арқылы хабарлама келіп түсті. Ер адам өзінің үйінде ауылдасы екінші ауыл тұрғынына пышақ салғанын хабарлады.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы жәбірленушінің жеке басын анықтады. Ол бұрын ҚР ҚК 296-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Ер адам жергілікті аудандық ауруханаға «іш қабырғасының тесілген-кесілген жарақаты, іш қуысынан қан кету» диагнозымен жеткізілді, онда ол алған жарақаттарынан қайтыс болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол Бауман ауылының 49 жастағы тұрғыны болып шықты. Қаскүнем жанжал кезінде алкогольдік ішімдіктерді бірге ішу кезінде жәірленушіге пышақ салған.

Қылмыстың дәлелі криминалистердің оқиға орнынан алынған ас үй пышағының бетінен тапқан саусақ іздері, тер іздері, сынамалар, микробөлшектер, сондай-ақ куәгерлердің айғақтары болды.

Полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қамауда отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру