Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы ҚАЖД-да мекеме бастығын зейнеткерлік демалысқа шығарып салу салтанаты өтті

Абай облысы ҚАЖД-да мекеме бастығын зейнеткерлік демалысқа шығарып салу салтанаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өмірінің жартысына дерлік уақытын әскери қызметке арнаған, ішкі істер органдарындағы жас мамандарға үлгі болып келген, кейінгі 15 жыл қызметін жазатайым жаза басып, жазықты болғандарды түзу жолға салып, қоғам қатарына қосуға арнаған Абай облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №19 мекемесінің бастығы Самат Ахмеджановты бүгін Абай облысы ҚАЖ департаментінің №19 мекемесінің жеке құрамы, сондай-ақ кешке арнайы шақырылған ардагерлер мен Самат Ахмеджановтың шәкірттері қошеметпен зейнеткерлікке шығарып салды.

Отанға деген адалдық отбасындағы тәлім-тәрбиеден бастау алады дегендей, С.Ахмеджанов 1967 жылы Семей облысы Жарма ауданы Жарма станциясында қарапайым еңбекқор жандардың тұңғыш сәбиі болып дүниеге келген. Әкесі Зарыққан Саматты үнемі спортқа баулыса, анасы Нұржамал мейірімділік пен әсемдікке жақын ұстағысы келген. Әкесі темір жол станциясында, анасы емханада қызмет ететін Саматқа өзінің артынан ерген бауырлары мен кішкентай қарындасы Жанарға қамқор болу бақыты бұйырған екен. Жастайынан жұмыстан қаймықпай өскен оны 1986-1989 жылдары аралығында “Адмирал Левченко” суасты корабліндегі 3 жылдық әскери қызмет қатты шынықтырды.

Өзінің еңбек жолын Семей құрылыс техникумынан алған мамандығы бойынша Жарма ауданы ЖЭУ-де экономист болып бастаған ол әскери борышын өтеу уақытында арманына айналып үлгерген, әскери киімді қызметкер болуды жүзеге асырып, Жарма аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік инспектор болып бастады. 27 жылға жуық уақыт аралығында тәртіп бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастап мекеме бастығының лауазымына дейін қызмет барысында жетістікке жете отырып, кіші ұрпақтың білім мен біліктіліктерін шыңдауға, өз кәсібінің нақ шебері болуға шексіз үлес қоса білді.

– Қай салада болсын тәрбиелі, үлгі тұтар, алдыңғы толқын-ағалардың ақылы кез келген жас маманға ауадай қажет екені даусыз. “Әркім өзі талпынбақ, басына бітер бағы үшін” деп Атамберді жырау айтпақшы, Самат Ахмеджанов тоқтаусыз талпыныс пен таудай талаптың арқасында бармақтай баққа қол жеткізген бақытты жан. Әрбір қолбасшы осындай жауынгері болғанды қалар еді, – деп сөзін аяқтады Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Ерсайын Нуртазинов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру