Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ барысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» ЖААІШ барысында іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар полицейлері Павлодар облысының аумағында 12 желтоқсанда басталған және қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының бірінші күні 782 құқық бұзушылықты анықтады.
– Профилактикалық іс-шара барысында тіркеусіз немесе құжатсыз тұрудың 185 фактісі анықталды, құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 37 тұрғынға қатысты әкімшілік материалдар жасалды. 111 азамат қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішті. Жол қозғалысына қатысушылар да тәртіптілігімен ерекшеленбейді, көлік құралдарының жүргізушілерінің белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кетуінің 190 фактісі анықталды. Ал 66 жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтті, ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша жаза қолданылды. Сонымен қатар 7 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізді, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Жүргізушілер 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды. Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 174 адам қамауға алынды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны, алып жүргені үшін 4 адам ұсталды, – деді Азамат Куркебаев, Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары.
Мәселен, Екібастұз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полицейлер ұрлық жасағаны үшін Қарағанды облысының ПД іздеуде жүрген 40 жастағы қылмыскерді ұстады. Күдікті Екібастұз қаласының УҰИ-ға қамауға алынды.
Астана қаласында алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін Павлодар облысының ПД іздеуде жүрген 34 жастағы павлодарлық ұсталды. 12 желтоқсанда рейдтік іс-шара барысында Павлодар ауданы Розовка ауылының маңында учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Бидаев өзімен бірге тегіс ұңғылы бір ұңғылы аңшылық мылтығы бар ер адамды ұстады. Тексеру кезінде бұл мылтық тіркелмегені анықталды. Осы факт бойынша баллистикалық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.