Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда бір топ жастардың жанжалдасқаны бейнекамераға түсіп қалды

Түркістанда бір топ жастардың жанжалдасқаны бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларын бірден оқиға орнына бағыттап, жедел әрекет жасаудың нәтижесінде бұзақыны ұстады.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық ПБ Жедел басқару орталығының 102 пультіне қонақ үйлердің бірінің жанында төбелес болып жатқаны туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен Жедел басқару орталығының операторлары дер кезінде шаралар қабылдап, жақын маңдағы камераларды оқиға болған қонақ үйдің аумағына бағыттады. Содан соң екінші тараптан сақшылар арнайы экипажды жұмсап, жедел ақпарат беріп отырды.

Оқиға орнына 2 минутта жеткен сақшылар бір топ жастардың жанжалдасқанын, сондай-ақ дене жарақаты бар жәбірленуші жігіт пен жасырынуға тырысқан күдіктіні ұстады. Тәртіп сақшылары зардап шеккен ер адамға жедел жәрдем шақырып, оған медициналық көмек көрсетілді.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Толық мән-жайды анықтау үшін күдікті ретінде анықталған Кентау қаласының тұрғыны Полиция басқармасына жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру