Павлодар облысында әпкесімен жанжалдасқан ер адам жауапқа тартылды
Павлодар облысында әпкесімен жанжалдасқан ер адам жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Шарбақты ауданының полициясына Красиловка ауылының 51 жастағы тұрғыны үйінде ішімдік ішіп, әпкесімен жанжалдасқаны туралы қоңырау түсті. Жанжал барысында ол әпкесін балағаттап, күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсеткен.
– Полиция тәртіп бұзушының әкімшілік жаза тағайындалғаннан кейін бір жыл ішінде отбасылық жанжалды қайталап отырғанын анықтады. Отбасылық жанжалқордың әпкесі учаскелік полиция инспекторын шақыруға мәжбүр болған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды, материал сотқа жіберілді. Сот отырысында құқық бұзушы кінәні толық мойындады. Сотта жәбірленуші соттан бауырын қатаң жазаламауды сұрады. Сот шешімі бойынша ауыл тұрғынына сегіз тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды, – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.
Айта кетейік, биыл Шарбақты ауданында полиция қызметкерлерімен 85 отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша құқыққа қайшы әрекеттер ескертуге немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. Егер, іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады