Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда өзгенің атына несие рәсімдеген жігіт анықталды

Түркістанда өзгенің атына несие рәсімдеген жігіт анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның атына белгісіз біреу несие алып, 900 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бір айдан соң банктен несиеңізді төлеңіз деп хабар келгенде, жәбірленуші тез арада тәртіп сақшыларынан мән-жайды анықтауға көмек берулерін сұраған. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары қажетті іс-шараларды жүргізді. Атқарылған тиянақты жұмыстың нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз жас жігіт, жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жолаушы ретінде көліктерге отырып, көлік иелерінің телефондарын сөйлесу мақсатында алдап алып, несие рәсімдгені белгілі болды. 

Күдікті жігіттің бұдан басқа алаяқтықтың 5 жайтына қатысы бары расталды. Жәбірленушілерге 6 миллион теңге шығын келген. Қазіргі таңда сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің басқа да осындай алаяқтық қылмысына қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру