Маңғыстау тұрғындарын «жиһаз жасаушы» 3,2 млн теңгеге алдап кеткен
Маңғыстауда жалған жиһаз жасаушы тұрғындарды 3,2 млн теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысының тұрғындары тұрғын үйлеріне жиһаз жасатамыз деп алаяқтың құрығына түсіп қалды. Полицияға 8 жәбірленуші арызбен жүгінді. Оларға келтірілген шығынның жалпы көлемі 3 млн 196 мың теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлерімен 26 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-да тіркелді. Өзге мәлімет тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын алаяқтардан сақ болуға, сенімсіз есепшоттарға қаражат аудармауға шақырады.