Жаңажылдық шыршаның жанында қажеттілігін өтеген Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды
Жаңажылдық шыршаның жанында қажеттілігін өтеген Көкшетау тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласында жаңажылдық мерекелер қарсаңында қар қалашықтары салынды, ал Абылай хан алаңда облыс орталығының басты шыршасы, түрлі инсталляциялар, мұздан жасалған мүсіндер, кішкентай ақмолалықтарға арналған сырғанақтар орналасқан. Мұның бәрі мерекелік атмосфераны, жайлылық пен жақсы көңіл-күйді қалыптастыру үшін жасалады.
Көкшетау қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері тәулік бойы қала тұрғындарының қауіпсіздігін және жаңа жылдық мүсіндердің сақталуын қадағалайды.
28 желтоқсанға қараған түні келеңсіз оқиға облыс орталығының орталық алаңында болды. Бұзақылықтың айқын фактісі бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалды.
28 желтоқсан шамамен сағат 05:00-де алаңдағы мониторинг барысында бейнебақылау инспекторы Абылай хан алаңында бірі жаңа жылдық шыршаның жанындағы мұз мүсінінің қасында қажеттілігін өтеген екі әйелді байқады. Бұзақыны не шамдардың жарығы, не өтіп бара жатқан адамдар да ұялдырмаған. Оқиға орнына жақын маңдағы полиция жасағы жіберілді.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік хаттама жасалды. Ақмолалықтармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.