Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жаңа жыл қарсаңында полицейлер көпбалалы отбасылар мен ерекше балаларды құттықтады

СҚО-да жаңа жыл қарсаңында полицейлер көпбалалы отбасылар мен ерекше балаларды құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері жылдағы дәстүрге сай жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысуда. Қайырымдылық іс-шараларын облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бастады. Ол кадр саясаты қызметкерлерімен бірге Жұмысшы кентінде тұратын көпбалалы Әубәкіровтер отбасына барды. Бұл үйде төрт бала тәрбиеленуде: үш қыз және бір ұл. Ең кішкентай бала 8 айлық. Отағасы – полиция аға сержанты Бахтияр Әубәкіров ғимараттарды күзету бойынша полиция қызметкері лауазымында қызмет атқарып келеді. Оның әйелі – Раджана Әубәкірова, қазір декреттік демалыста. Келе жатқан Жаңа жылмен көпбалалы отбасын Аяз Ата мен Ақшақар құттықтады; балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Айдын Қабдұлдинов аға сержанттың отбасына алдағы жылы амандық, бақыт және денсаулық тіледі.

Жеке жоспар бойынша көпбалалы отбасылар мен ерекше балаларды облыстық полиция ведомствосының әйелдер кеңесінің өкілдері құттықтады. Погондағы қыздар Аяз Атамен, Ақшақармен бірге екі отбасыға барып қайтты. Құттықтаулар, өлеңдер, мереке алдындағы көңіл-күй – мерекемен құттықтауға келген меймандар сыйлықтарын да ала келіпті.

Айта кету қажет, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысу – полициядағы Әйелдер кеңесі қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Әйел қызметкерлер солтүстікқазақстандық полицияның жалпы санының төрттен бір бөлігін құрайды. Бүгінгі таңда әйелдер кеңесінде облыстық полиция аппаратының әр бөлімшесінен бір әйел қызметкер мүшелік етуде.

– Мереке күндері барлық бөліністердің жеке құрамы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп күшейтілген түрде қызмет атқарады. Сондықтан қызметкерлердің отбасыларына, әсіресе көп балалы отбасыларға барып, мерекемен құттықтау, жағдайларын білу – жалпы қайырымдылық іс-шараларының маңызды құрамдас бөлігі, – дейді СҚО ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру