Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері қолайсыз ауа райында жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

СҚО полицейлері қолайсыз ауа райында жолда қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелген. Облыстық ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмау және қиын жағдайларда қалған жүргізушілерге көмектесу үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Астана – Петропавл тас жолының 472-шақырымында DAF жүк көлігі көктайғақ пен дауылды желдің екпініне байланысты көтеріле алмады. СҚО ПД ППБ қызметкерлері жүргізушіге көмек көрсетті. Жолдың кеңдігі бұрылу жасау үшін жеткіліксіз. Жүк көлігі кері бағытқа кетті. Константин Пеньков жүргізушіге жол жиегіне түсіп кетпеу үшін жол көрсету арқылы көмектесті. Міндет – жүк көлігінің ең жақын тұраққа жетуіне көмектесу.

Полицейлер жүргізушілерге Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында болған күрделі жағдай туралы ескертеді. Ауа райының нашарлауына байланысты: жаңбыр, көктайғақ, қар, боран – көлік құралдарының барлық түрлері үшін 25 желтоқсан сағат 15.20-дан бастап барлық бағыт бойынша республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс жабық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру