Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында мереке қарсаңында патрульдік автокөліктердің жай-күйі тексерілді

Маңғыстау облысы ПД басшылығы мереке қарсаңында патрульдік автокөліктердің жай-күйін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент бастығының тапсырмасына сай, оңірлік бас полицейдің бірінші орынбасары Болатбек Ақшауов тиісті қызмет салаларының қызмет басшыларын жинап, қызметтегі патрульдік автокөліктің нақты сипаты қандай болу керектігін көрсетіп, нақты тапсырмаларын берді.

Әр мереке қарсаңында өңірімізде қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, тәртіп сақшылары қызметтің күшейтілген режиміне көшіріледі.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында да бірқатар қауіпсіздік шаралары қабылданып жатыр. Адамдар көп шоғырланатын орындарда полиция жасақтары көбейтіліп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру