Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында учаскелік полицей мас күйде көлік ұрлаған азаматты ұстады

Жетісу облысында учаскелік полицей мас күйде көлік ұрлаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны көлік ұрлағаны, сондай-ақ алкогольдік мас күйінде көлікті басқарғаны үшін жазаға тартылады.

Ер адамды Кербұлақ ауданында ауылдық учаскелік полицей ұстады, оған Көксу ауылының 68 жастағы зейнеткері Mercedes-Benz көлігінің ұрланғаны туралы хабарлаған. Көлік иесі Талдықорғаннан қонаққа келген өгей баласы көлікті ұрлауы мүмкін деп күдіктенген. Жәбірленушінің күдігі туысы болып шыққан күдікті ұсталғаннан кейін расталды.

– Медициналық куәландыру көлік жүргізушісінде алкогольдік мас күйдің орташа дәрежесін анықтады.

Қазір ұсталған адам ҚР ҚК-нің 200-бабы бойынша көлік ұрлығын жасағаны және ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Кербұлақ АПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Осы жылы өңірдің автожолдарында полиция мас күйде көлік құралдарын басқарған 340-тан астам көлік жүргізушісін ұстады. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендері үшін олардың 34 қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру