Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндірді

Жетісу облысында полицейлер оқушыларға есірткінің зияны туралы түсіндірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Өтенай ауылындағы №23 орта мектепте жасөспірімдер арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық кездесу өтті.

Кездесу барысында Жетісу облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері 10-сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Оқушыларға есірткі заттарының адам денсаулығына зияны, нашақорлықтың психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ оның жасөспірімдердің өмірі мен болашағына кері әсері түсіндірілді.

Сонымен қатар зиянды ұсыныстардан бас тарту, өз ұстанымын қорғай білу, қоршаған ортаның теріс ықпалына қарсы тұру және бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері қозғалды. Оқушыларға спортпен шұғылданудың, пайдалы үйірмелерге қатысудың және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Полиция қызметкері жасөспірімдерді өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, заң талаптарын сақтауға және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды.

Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, есірткіге қарсы көзқарасын қалыптастыруға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру