Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полиция департаментінде ауған жауынгерлері құрметке ие болды

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлеріне – Ауғанстандағы және тәжік-ауған шекарасындағы оқиға қатысушыларына құрмет көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиналысқа облыстық және қалалық полицияның негізгі бөлімшелерінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов барлық жеке құрамның атынан ардагерлерге құрмет білдірді.

– Сіздер полицияда әртүрлі лауазымдарда қызмет еттіңіздер, бірақ бәріңізді біріктіретін бір нәрсе бар: бұл соғыста сіздер батылдық пен ерліктің үлгісін көрсеттіңіздер. Уақыт өтеді, өткен оқиғаларға деген көзқарас өзгереді, тек бір нәрсе өзгеріссіз қалады. Ол – әскери борышқа деген адалдық. Ауғанстанның қатал және ерекше жағдайларында, Отаннан алыс жерде, сіздер әскери сынақтарға адалдықпен төтеп бердіңіздер, – деді ол.

Жеке құрамның қатысуымен облыстың бас полицейі ардагерлерге “Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл” мерейтойлық медальдарын, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етті.

1990-2000 жылдары СҚО полициясында бұрын Ауғанстанда мерзімді әскери қызмет өткерген 24 қызметкер еңбек етті. Олардың барлығы полицияда әртүрлі лауазымдарда үлгілі қызмет етіп, өз облысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қазір бұл адамдардың барлығы құрмет демалысында, бірақ олар полициямен байланысты ешқашан үзбейді; құқық қорғау органдарын жас қызметкерлерін тәрбиелеуге әрдайым көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру