Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде сотталған азаматтар атақты спортшылармен кездесті

Ақтөбеде сотталған азаматтар атақты спортшылармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №9 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінде сотталғандар мен Ақтөбе облысының спорт шеберлері кездесті.

Атап айтқанда, гір тасын көтеруден әлемнің 13 дүркін чемпионы Евгений Гончаров және “NAIZA” лигасының бірнеше мәрте чемпиондары атанған Дастан Амангелді, Әліби Ідіріспен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жоғарыда аттары аталған спорт шеберлері мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар тарапына өздерінің спорт саласында жеткен жетістіктері туралы айтып берді. Сонымен қатар мекемеде жазасын өтеуші сотталғандар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап ала алды.

Бұл шараның ең басты мақсаты – сотталғандар тарапына салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар туған жерге, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру