Қызылорда облысында мас жүргізуші 20 тәулікке қамауға алынды
Қызылорда облысында көлік құралын басқару құқығы жоқ 30 жастағы азаматтың алкогольдік масаң күйде көлік басқарғаны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Mitsubishi автокөлік жүргізушісін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды. Бұдан бөлек ер адамның көлік құралын басқару құқығы жоқ екендігі анықталды.
Жүргізуші полиция бөліміне жеткізіліп, автокөлік айып тұрағына қойылды.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарға көлік құралдарын басқару кезінде жол қозғалысы талаптарын қатаң сақтап, мас күйде рөлге отырмауды ескертеді. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.
