Атырауда полицейлер 10 шақырымға жүгірді
Атырауда полицейлер 10 шақырымдық марафонға қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында есірткі қылмысының алдын алу мақсатында 10 шақырымдық жүгіру марафоны өтті.
Жарысқа 15-ке жуық полиция қызметкері қатысты. Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы екі велосипедті жүлде ретінде табыстап, робот-полицейді көпшілік назарына ұсынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
