Шемонаиха тұрғыны ауладағы құрылыс қалдықтары үшін жауапқа тартылды
“Таза Қазақстан” жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері елдімекендердегі абаттандыру қағидаларының бұзылуын болдырмау және тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен демалыс күндері Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері көпқабатты тұрғын үйдің аумағына құрылыс қалдықтарының үйілгенін анықтады. Мұндай әрекет ауланың көркін бұзып қана қоймай, тұрғындарға да қолайсыздық туғызады.
Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін кінәлі азамат заң аясында жауапқа тартылды.
Қабылданған шаралардан кейін құрылыс қалдықтары шығарылып, аумақ тиісті санитариялық жағдайға келтірілді.
Полиция тұрғындарды абаттандыру қағидаларын сақтауға, аулаларды қоқыспен ластамауға және тазалық пен тәртіп әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпауға шақырады.
