Ақтөбедегі түзеу мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекеті тоқтатылды
Ақтөбедегі №70 түзеу мекемесіне тыйым салынған затты жеткізу әрекеті тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қазанда Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты аралас қауіпсіздік деңгейіндегі №70 мекемеде режимдік-профилактикалық іс-шаралар барысында сотталған адамға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді.
Сәлемдемені тексеру кезінде сары майлы печенье мен Нафазолин препаратының ішінен есірткіге ұқсас зат табылды.
Анықталған зат тәркіленіп, оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Жиналған материалдар процестік шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласы Астана ауданының полиция басқармасына жолданды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.
ҚАЖ мекемелерінде тыйым салынған заттардың жеткізілу арналарының жолын кесу мақсатында профилактикалық және режимдік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.
