Елордада дүкенге ұрлыққа түскен жігіт қолға түсті
Елордада дүкенге ұрлыққа түскен жігіт қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 қаңтарда дүкен сатушысы полицияға тауарлар ұрланғаны туралы арызбен жүгінді. Қоңырау шалушының айтуынша, таңғы сағат 05.30-да белгісіз адам Қошқарбаев даңғылындағы дүкенге клиент кейпінде келген. Еркін қол жеткізу арқылы ол сөреден Jack Daniels брендінің 2 бөтелке вискиін, бір банка қызыл уылдырықты, шұжық пен тауық етін жасырын ұрлап әкеткен. Материалдық шығын шамамен 80 мың теңге мөлшерінде бағаланды.
Қылмыстық іс-әрекет жасалған кезде клиенттің күдікті мінез-құлқын байқаған дүкен қызметкері жігіттен заттарды сөмкеден шығаруды сұраған. Бейнебақылау камераларын қарап, ұрлық фактісі тіркелгеніне көз жеткізгеннен кейін сатушы полицейлерге шара қолдану туралы жүгінген. Елорданың 23 жастағы тұрғыны мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға жас жігіттің қатысы бар-жоғы тексеріледі.