Ақтөбе облысының тұрғындары алаяққа алданып қалды
Ақтөбе облысының тұрғындары алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан қаласының 20 жастағы тұрғыны Instagram әлеуметтік желісінде «Aliyadan.komek 740000» деген парақша ашып, өз оқырмандарына қолма-қол ақшаны көбейтуге уәде берген. Ақтөбе облысының екі тұрғыны жігіттің айласына тап болған. Олар ақшалай қаражаттарын көбейтуді қалап, алаяққа 45 мың теңгеден аударған. Табысын да, салынған ақшасын да алмаған жәбірленушілер полицияға жүгінген.
Жедел іс-шаралар барысында Түркістан қаласының тұрғыны анықталып, одан жауап алынды. Күдіктіден заттай дәлел ретінде телефон тәркіленді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды бейтаныс адамдармен қаржылық операция жасау кезінде мұқият және сақ болуға шақырады.