Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Петропавл тұрғындарын алаңдатқан алабай итінің мәселесін шешуге көмектесті 

Полицейлер Петропавл тұрғындарын алаңдатқан алабай итінің мәселесін шешуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер қала тұрғындарына үй жануарларын мұқият қадағалап, олардың бақылаусыз қозғалуына жол бермеу туралы өтінішпен жүгінеді. Петропавлда Жұмысшы кентінің тұрғындарын көшелердің бойымен жүгіріп келе жатқан үлкен алабай мазалады. Патрульдік көліктердің бірі Жұмысшы кентінде жануарды байқаған. Тәртіп сақшылары адамдарға шабуыл жасамау үшін итті бақылап отырды. Таңертең мүдделі органдардың көмегімен иттер мен мысықтарға арналған жеке баспана қызметкерлері аулауға тартылды. Олар арнайы жабдықты пайдаланды. Қожайынынан қашып кеткен алабай баспанаға орналастырылды.

СҚО ПД штаб бастығының орынбасары Айдар Сыздықовтың айтуынша, қызметкерлердің іс-әрекетін жеке өзі бақылаған, ит иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінің 407-2-бабы бойынша анықталып, жауапқа тартылды.

Полицейлер Петропавлдықтарға қаңғыбас иттерді аулау мәселелері бойынша “109” телефон нөмірі бойынша қалалық әкімдіктің iKomek ахуалдық орталығына хабарласу керектігін еске салады. Иелері бар иесіз жануарлар пайда болған жағдайда “102” арнасына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру