Мас павлодарлық тұрмыстық заттарды бесінші қабаттан лақтырған
Мас павлодарлық тұрмыстық заттарды бесінші қабаттан лақтырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бірнеше күн бұрын Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөліміне көпқабатты үйдің тұрғындарының бірі көмек сұрап отырғаны туралы шақыру келіп түсті.
– Келген тәртіп сақшыларына әйел бірге тұратын адаммен кафеден оралғанын, бірақ үйде ер адам жанжал шығарып, тұрмыстық заттарды бесінші қабаттың терезесінен аулаға лақтырып жібергенін айтты. Полиция ерлі-зайыптылармен осындай фактілерге жол бермеу және абаттандыру ережелерін сақтау туралы профилактикалық әңгіме өткізді. Әйел өзінің бірге тұратын адамына шағымданып, өтініш жазудан бас тартты. Полицейлер отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін ер адамға қатысты қорғау ұйғарымын шығарды. Сонымен қатар тәртіп бұзушы аулаға шашқан заттарды жинап, тәртіпсіздікті жойды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары 4086 отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық жасағанын атап өтті. Сондай-ақ аймақтың 6678 тұрғыны абаттандыру ережелерін бұзды.