Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Қаңтар айының алғашқы 5 күнінде көлік полицейлері 400-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айының 5 күні ішінде Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 383 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе масаң күйде келген – 56, темекі шегуге тыйым салуды бұзған – 20, ұсақ бұзақылық жасаған – 12, қоғамдық орындарда тиіскен – 11, жалпы пайдалану орындарын ластағаны – 35 және тағы осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтады. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Ақтау қаласының әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының “Ақтау – Алматы” бағытындағы әуе рейсінен акт бойынша бір жолаушы түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді.

– Тексеру барысында көлік полицейлері Өзбекстан Республикасының 23 жастағы азаматын анықтады. Ол рейске тіркеу кезінде масаң күйде болған және әуекомпанияның ережелерін орындамаған. Оған қатысты әуежайдағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ 5 қаңтарда Өзбекстанның тағы бір 39 жастағы азаматы “Дубай – Шымкент” бағытындағы әуе рейсі ұшып келісімен акт бойынша полицейлерге берілді. Ер адам әуе кемесінің дәретханасында электронды темекі шеккен. Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-2-бөлігі бойынша 50 АЕК (172 500теңге) айыппұл салынды, – деді М. Айтуғанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру