Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында тергеу изоляторына әкелінген сәлем-сауқаттың ішінен флешка табылды

Қызылорда облысында тергеу изоляторына әкелінген сәлем-сауқаттың ішінен флешка табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қаңтарда жергілікті уақытпен сағат 18:50 шамасында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде сәлем-сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тыйым салынған заттың ішкі ғимаратқа өтуінің алдын алды. Құқық бұзушылыққа жол бермеді.

Заңға қарсы іс-әрекетке бармақ болған Ә. есімді азамат мекеме қамауында отырған, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен айыпталушыға сәлемдеме әкелген досы болып шықты. Мекеменің қырағы бақылаушылары әкелінген сәлем-сауқаттарды жіті қадағалау барысында самсаның ішінен фольгаға оралған бір флешканы тапты.

Анықталған факт бойынша бөлім қызметкерлері дер кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ісін сотқа жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру