Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері үш күннің ішінде 38 мас жүргізушіні ұстады

Елорда полицейлері үш күннің ішінде 38 мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жол-көлік оқиғаларын алдын алу, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «Мас жүргізуші – қылмыскер!» жергілікті рейдтік шарасы өтті.

Шараға елордалық патрульдік полициясының 15 көлігі жұмылдырылды. Үш күн ішінде 45 жүргізуші ұсталып, наркологиялық орталыққа мас күйін анықтау үшін медициналық тексеруден өтуге жеткізілді. 38 жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғаны расталды. Сонымен қатар рейд барысында бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған екі мас жүргізуші ұсталды. Осыған ұқсас жағдайларда, жүргізушілер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айырумен қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Осылайша, түнгі уақытта Оқжетпес көшесінің бойында жас келіншек тізгіндеген Audi көлігі тоқтатылды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша әйел адамның «орташа дәрежедегі» мас екені анықталды. Құжаттарды тексере келе, жүргізушінің өткен жылдың қараша айында сот шешімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Көлік қоғамдық көлік тұрағына жеткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері елордалық полицейлер 2,9 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолын кесті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру